WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.10
13 марта 2026 г.

Бакуде түркі әлемі Суретшілер академиясының көрмесі өтіп, суретшілер марапатталды

13 марта 2026 г.

Бакуде түркі әлемі Суретшілер академиясының көрмесі өтіп, суретшілер марапатталды

2026 жылдың 13 наурызында Әзербайжанның астанасы Баку қаласында түркі әлемі Суретшілер академиясының көрмесі мен марапаттау рәсімі өтті. Былтыр Стамбұл қаласында ұйымдастырылған бағдарламаның жалғасы ретінде өткен іс-шара түркі әлемінің түкпір түкпірінен келген суретшілер мен мәдениет өкілдерін бір арнаға тоғыстырып отыр.

Бағдарламаға Әзербайжан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Мұрат Гусейнов, Халықаралық TҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркі әлемі Суретшілер академиясының президенті Сакит Мамедов және өзге де қонақтар қатысты.

Салтанатты жиында Әзербайжан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Мұрат Гусейнов, TҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев және Түркі әлемі Суретшілер академиясының президенті Сакит Мамедов сөз алды.

Сұлтан Раев өз сөзінде:
«Бүгін Әзербайжанның көне астанасы Бакуде өтіп жатқан түркі әлемі Суретшілер академиясының көрмесі мен марапаттау рәсімі – түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын өнер арқылы танытуды мақсат еткен маңызды мәдени кездесу. Осынау мәні зор іс-шара алғаш рет түркі әлемінің ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматовтың рухына арналған көрмеден бастау алып, түркі әлемінің түкпір-түкпірінен келген суретшілердің басын қосып отыр. Бұл құнды мәдени бастама алғашқы күннен бастап TҮРКСОЙ ұйымының бастамасы мен қолдауының арқасында жүзеге асып келеді. Осындай маңызды шараның бүгін түркі әлемінің маңызды мәдени орталықтарының бірі – Бакуде өтіп жатқаны біз үшін үлкен қуаныш», – деді.

Көрмеге қатысқан суретшілер түркі халықтарының мәдени және көркемдік құндылықтарын насихаттауға қосқан үлестері үшін түркі әлемі Суретшілер академиясы арнайы марапат табыстады.

Марапатталған тұлғалардың есімі төменде.

Академияға мүше мәртебесін иеленгендер:

  • Омар Элдаров (Әзербайжан)
  • Ариф Азиззов (Әзербайжан)
  • Алпысбай Қазығұлов (Қазақстан)
  • Жылкычы Жакипов (Қырғызстан)
  • Камола Акилова (Өзбекстан)

Журналистік мүше мәртебесін иеленгендер:

  • Айнур Мамедова (Әзербайжан)
  • Маммад Хусейн Хусейнов (Әзербайжан)
  • Кадыр Аблак (Түркия)
  • Теране Агаева (Түркия)
  • Аманмырат Модыев (Түрікменстан)

Айта кетейік, түркі халықтарының мәдениетін бейнелейтін талантты суретшілердің таңдаулы туындылары өнерсүйер қауым назарына ұсынылды.

Түркі әлемі Суретшілер академиясының бұл көрмесі 2026 жылдың 13–17 наурызы аралығында түркі әлемі сурет галереясы залында келушілер назарына ұсынылады.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.15
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.16
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.15 (1)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.15 (2)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.14 (1)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.14
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.13 (2)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.13
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.13 (1)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.12
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.12 (1)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.11
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.11 (1)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.10 (2)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.10 (1)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.09 (1)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.09
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.08 (2)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.08
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.08 (1)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.07
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.07 (2)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.07 (1)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.06
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.06 (2)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.06 (1)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.05
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.05 (2)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.05 (1)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.04
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.04 (2)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.04 (1)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.03
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.03 (3)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.03 (2)
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.02
WhatsApp Image 2026-03-13 at 23.19.03 (1)

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған