IMG_6560.JPG
22 января 2026 г.

Аттила мұрасы жанданды: Мажарстанда түркі әлемінің артефактілерге толы үлкен көрмесі ашылды

22 января 2026 г.

Аттила мұрасы жанданды: Мажарстанда түркі әлемінің артефактілерге толы үлкен көрмесі ашылды

Ғұн билеушісі Аттиланың тарихи тұлғасы мен мұрасын арқау еткен «Аттила» атты халықаралық көрме Мажар Ұлттық музейінде салтанатты рәсіммен ашылды. Соңғы жылдардағы ең ауқымды жобалардың біріне айналған көрме 13 елден 64 музейдің қатысуымен шамамен 400-ге жуық жәдігерді бір арнаға тоғыстырды.

Көрменің салтанатты ашылуына Мажарстанның Мәдениет және инновация министрі Балаж Ханко (Balázs Hankó), ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркі академиясының президенті, профессор, доктор Шаһин Мұстафаев, Мажарстан Мәдениет және инновация министрлігінің Үкімет комиссары Петер Хоппал (Peter Hoppál), Әзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы және Түркия Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшілері, Түркі мемлекеттері ұйымының Мажарстандағы Өкілдік кеңсесінің Атқарушы директоры, сондай-ақ Мажарстан үкіметінің өкілдері, ғалымдар мен мәртебелі қонақтар қатысты.

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Мажарстанның Мәдениет және инновация министрі Балаж Ханко Аттиланың Батыс тарихнамасында көбіне біржақты тұлға ретінде сипатталатынын, ал Шығыс пен Орталық Еуропада оны қаһарман әрі тарихи тұлға   ретінде қабылдайтынын атап өтті. Ол Аттиланың Шығыс пен Батыс арасындағы тарихи көпір рөлін атқаратынын ерекше айтты.

Мажар Ұлттық музейінің директоры әрі Қоғамдық коллекциялар орталығының басшысы Габор Жигмонд (Gábor Zsigmond) көрменің ғылыми бағытына тоқталып, Аттила бейнесінің мажар, шығыс және батыс тарихи көріністері алғаш рет кең ауқымда бір арнада ұсынылып отырғанын жеткізді. Көрме археология, тарих, өнер тарихы және археогенетика салаларындағы соңғы ғылыми деректермен толықтырылған.

Бас хатшы Сұлтан Раев: «Бұл көрме – ортақ тарихи санамыздың нақты көрінісі»

Салтанатты жиында сөз алған ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев көрменің Түркі дүниесі үшін маңызын атап өтті. Ол Мажар Ұлттық музейінің қолдауымен жүзеге асқан бұл жобаның Түркі мемлекеттерінің музейлерін ортақ тарихы аясында алғаш рет зерттелгеніне тоқталды.

Сұлтан Раев:
«Бұл көрме – мың алты жүз жылдан асатын ортақ тарихымыздың нақты көрінісі. Мұнда ұсынылған әрбір жәдігер – ортақ жадымыз бен дәстүріміздің ерекше куәсі. Аттиланың мұрасы – біріктіруші мұра», – деді.

Көрмеде Карпат алабынан Орта Азияны қамтитын әшекей бұйымдар, қару-жарақтар, ғұн тайпасының тарихи жәдігерлері қойылған. Әзербайжаннан табылған асыл текті әйел қабірінен шыққан диадема, Солтүстік Македониядан жеткізілген таңдаулы ер адам қабірінің қалынтылары, сондай-ақ British Museum мен Louvre Abu Dhabi коллекцияларынан алынған жәдігерлер көрменің ең құнды экспонаттарының қатарында. Сонымен қатар сол дәуірге тән – бас сүйек үлгілері де ұсынылған.

Мажар Ұлттық музейінің Йожеф Надор (József Nádor) залында ұйымдастырылған көрме ғұн дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі 1600 жылдық Аттила бейнесін Шығыс, Батыс және мажар тұрғысынан кешенді түрде таныстырады.

Көрме аясында ТҮРКСОЙ Музейлер бірлестігінің IV Елдік үйлестірушілер жұмыс кеңесі және «Еуропа ғұндары және дала археологиясындағы жаңа ғылыми жаңалықтар» тақырыбындағы халықаралық конференция өтеді.

2026 жылғы 23 қаңтар – 12 шілде аралығында келушілерге ашық болатын «Аттила» көрмесі халықаралық конференциялармен, ғылыми панельдермен, кітап таныстырылымдарымен, фильм көрсетілімдерімен, балалар мен отбасыларға арналған бағдарламалармен 

Медиа галереясы

IMG_6560.JPG
IMG_6634.JPG
WhatsApp Image 2026-01-22 at 23.20.25
IMG_6631.JPG
IMG_6627.JPG
IMG_6625.JPG
IMG_6619.JPG
IMG_6618.JPG
IMG_6611.JPG
IMG_6610.JPG
IMG_6608.JPG
IMG_6560.JPG
IMG_6597.JPG
IMG_6596.JPG
IMG_6590.JPG
IMG_6586.JPG
IMG_6579.JPG
IMG_6576.JPG
IMG_6566.JPG
IMG_6561.JPG
IMG_6561.JPG
IMG_6540.JPG
IMG_6558.JPG
IMG_6556.JPG
IMG_6546.JPG
IMG_6537.JPG
IMG_6534.JPG
IMG_6532.JPG
IMG_6533.JPG

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған