WhatsApp Image 2025-04-11 at 19.26.15
11 апреля 2025 г.

Анкарадағы ТҮРКСОЙ Бас хатшылығында Қырғыз музыкасының негізін қалаған композитор Рыспай Әбдіқадіровті еске алу кеші өтті

11 апреля 2025 г.

Анкарадағы ТҮРКСОЙ Бас хатшылығында Қырғыз музыкасының негізін қалаған композитор Рыспай Әбдіқадіровті еске алу кеші өтті

ТҮРКСОЙ-дың Оран ауданындағы Бас хатшылық Конференция залында өткен іс-шарада мазмұнды сөздер айтылды, марқұмның композициялары шырқалды.

Бағдарламаның ашылуында сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф, залда жастарды әрі өнерге бар таласы бар қонақтарды көргеніне қуанышты екенін айтып, жастардан үмітті екенін жеткізді. ТҮРКСОЙ-дың жай ғана ұйым емес, түркі әлемінің мәдени мұрасын өткеннен бүгінге, бүгіннен ертеңге жалғайтын көпір екенін айтқан Юсуф, жастардың мұндай іс-шараларға белсенді қатысуының маңызы зор екеніне тоқталды.

Юсуф Рыспай Әбдіқадіров сияқты тұлғалардың тек қырғыз халқына ғана емес, күллі түркі дүниесіне ортақ екенін айта келе: «Біз Шыңғыс Айтматовты да тек қырғыздардың емес, бәріміздің құндылығымыз деп білеміз. Рыспай Әдбіқадіров те осы мәдениеттің бір бөлшегі – ол біздің де өнерпазымыз», – деді. Осылайша сөзінің жалғасында түркі әлемінің түрлі өңірлеріндегі ойшылдар мен өнер иелерінің Түркияда жеткілікті танылмайтынын атап өтіп, мұндай іс-шаралардың бұл олқылықтың орнын толтыру үшін маңызды екенін айтты.

Юсуф сөзін былай түйіндеді: «Рыспай Абдыкадыровты ерекше ететін жайт – оның өнерін халқының болмысынан, мәдениетінен ажырамай жасап өткені. Сіз әлемге танымал өнер иесі бола аласыз, бірақ егер өз қоғамыңызға пайдаңыз тимесе, бәрі бос. Әбдіқадіров осы тұрғыдан алғанда өз халқына қызмет еткен ұлы тұлға», - деді.

Бағдарлама барысында Қырғызстанның Түркиядағы Елшілігінің мәдениет атташесі Улан Максатов сөз сөйлеп, ТҮРКСОЙ-дың осындай іс-шараларға қолдау білдіріп отырғанына ризашылығын жеткізді және Рыспай Әбдіқадіровті қырғыз рухын өнерде бейнелеген алғашқы заманауи өнерпаздардың бірі деп атады.

Қырғызстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі Мар Топоев те сөйлеген сөзінде ұйымның түркі әлемінің түкпір түкпіріндегі мәдени құндылықтарды қорғап келе жатқанын, Әдбіқадіровтің еске алу осы миссияның бір бөлігі екенін айтты. Ол өнер иесінің шығармаларын ұрпаққа жеткізу жолында ТҮРКСОЙ маңызды рөл атқарып отырғанын атап өтті.

Іс-шарада сөйлеген академик Гүлзира Жұмакунова композитордың небары 52 жасында өмірден озғанын, алайда артына бай мәдени мұра қалдырғанын айтты. Жұмакунова Рыспай Әдбіқадіров қайтыс болғаннан кейін сегіз күн ішінде оған «Халық артисі» атағы берілгенін еске салып, оның өнерінде қырғыз халқының барша мәдени байлығы көрініс тапқанын жеткізді.

Бағдарлама аясында сурет, өлең және ән аталымдары бойынша ұйымдастырылған байқауда жеңімпаз болған қатысушыларға сертификаттар табысталды. Іс-шара ұжымдық фотосуретке түсумен аяқталды.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2025-04-11 at 19.26.16 (1)
WhatsApp Image 2025-04-11 at 19.26.17
WhatsApp Image 2025-04-11 at 19.26.17 (2)
WhatsApp Image 2025-04-11 at 19.26.17 (1)
WhatsApp Image 2025-04-11 at 19.26.16
WhatsApp Image 2025-04-11 at 19.26.16 (2)
WhatsApp Image 2025-04-11 at 19.26.15 (2)
WhatsApp Image 2025-04-11 at 19.26.15 (1)
WhatsApp Image 2025-04-11 at 19.26.14

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған