WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.08 (2)
25 марта 2026 г.

Анкарада «Зия Гөкалпты еске алу жылының» салтанатты ашылуы өтті

25 марта 2026 г.

Анкарада «Зия Гөкалпты еске алу жылының» салтанатты ашылуы өтті

Анкара Сурет және кескіндеме музейінінің «Түркі ожаклары» залында түрік ойшылы Зия Гөкалптың туғанына 150 жыл толуына орай «Зия Гөкалпты еске алу жылының» салтантты ашылуы өтті. 

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің ұсынысы негізінде 2024 жылдың16 қарашасында Ашхабатта өткен ТҮРКСОЙ тұрақты кеңесінің 41-отырысында TҮРКСОЙ-ға мүше елдердің Мәдениет министрлері бірауыздан 2026 жылды «Зия Гөкалпты еске алу жылы» деп жариялаған болатын.

Мехмет Нури Эрсой: «Бұл шешім – түркі дүниесінің ортақ ойының нақты көрінісі»

Салтанатты шаража сөз алған Мехмет Нури Эрсой Зия Гөкалптың тек еске алу шарасы ғана емес, қазіргі жаһандық үдерістер аясында түркі мемлекеттерінің бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтатынын атап өтті.

Министр TҮРКСОЙ-дың түркі мемлекеттерін бір шаңырақ астына біріктіретін ұйым екенін айтып, былай деді:

«2024 жылғы 16 қарашада Aшхабат қаласында өткен TҮРКСОЙ тұрақты кеңесінің 41-отырысында министрлігіміздің ұсынысымен 2026 жылды «Зия Гөкалпты еске алу жылы» деп жариялау туралы шешім бірауыздан қабылданды. Бұл – түркі дүниесінің ортақ ойының, ортақ түсінігінің және болашаққа деген ұмтылысының айқын дәлелі».

Министр сондай-ақ Зия Гөкалптың мәдениет пен өркениет арасындағы айырмашылық туралы тұжырымдары бүгінгі таңда түркі мемлекеттерінің өз ұлттық болмысын сақтай отырып, оның орнығуына бағыт беретін негізгі бағдар екенін атап өтті.

Сұлтан Раев: «Зия Гөкалп – түркі болмысының бүгінгі күнгі қалыптасуындағы басты тұлғалардың бірі»

TҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев өз сөзінде Зия Гөкалпты түркілердің ойлау жүйесінің темірқазығы деп бағалады.

Раев 2026 жылдың түркі дүниесінде «Зия Гөкалпты еске алу жылы» болып жариялануы – тек құрмет белгісі ғана емес, ортақ мәдени мұраны қорғаудың айқын көрінісі екенін айтты.

Ол:
«Зия Гөкалп – Исмаил Гаспралының «тілде, ойда, істе бірлік» қағидатының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан тұлғалардың бірі. Бүгінгі TҮРКСОЙ аясындағы атқарып жатқан жұмысымыз барысында оның идеяларының жалғасын айқын көріп отырмыз», – деді.

Сондай-ақ Бас хатшы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түрікменстаннан келген ғалымдарға алғыс білдіріп, олардың баяндамалары Зия Гөкалп мұрасын тереңдете түсетінін атап өтті.

Мехмет Өз: «Зия Гөкалп – ойшыл ғана емес, ұлт тәрбиешісі»

«Түркі ожаклары» Бас төрағасы профессор Мехмет Өз Зия Гөкалптың тек ойшыл ғана емес, ұлт тәрбиешісі болғанын да атап өтті.

Ол Гөкалп ұстанған ұлтшылдықтың ешқашан нәсілшілдікпен ұштаспайтынын айтып:
«Зия Гөкалптың ұлтшылдығы мәдениетке негізделген. Ортақ мәдениеті, ортақ ойы және ортақ болашақ көзқарасы бар адамдар қауымы – ұлт. Ол – ұлт тәрбиешісі әрі рухани жетекші тұлға. Мальтадағы жер аудару кезінде де мемлекет қайраткерлеріне дәріс беріп, олардың көзқарасына ықпал етті», – деді.

Дерья Өрс: «Еңбектері түркі тілдеріне аударылып жатыр»

Ататүрік Мәдениет, тіл және тарих жоғары институты төрағасы профессор Дерья Өрс «Түрік тіл институты» тарапынан Зия Гөкалптың «Түркілену, исламдану, заманауилану» атты еңбегі қазақ, қырғыз, түрікмен, әзербайжан және өзбек тілдеріне аударылып, жарық көргенін хабарлады.

Ілияс Топсакал: «Тіл – ұлттың болашаққа қалдырар мұрасы»

«Миллиетчи харекет» партиясы төрағасының орынбасары Ілияс Топсакал тілдің ұлт үшін маңызын атап өтіп, Зия Гөкалптың осы мәселеге ерекше мән бергенін айтты.

Күршад Зорлу: «Тұран идеясы бүгінде нақты жүзеге асуда»

«AK» партия төрағасының орынбасары профессор Күршад Зорлу Зия Гөкалптың «Тұран», «Қызыл алма» сияқты ұғымдарының бүгінгі түркі мемлекеттері ұйымдары аясында жүзеге асып жатқанын айтты.

Сондай-ақ Режеп Тайып Ердоған бастамасымен ЮНЕСКО аясында «Дүниежүзілік түркі тілдері күні» жариялануы – Гөкалп идеяларының халықаралық деңгейдегі көрінісі екені атап өтілді.

Бағдарламаның екінші бөлімі

Ашылу сөздерінен кейін бағдарлама «Анкара Мемлекеттік классикалық түрік музыкасы» хорының концертімен жалғасты. Кейін «Зия Гөкалп және түркі болмысы» атты ғылыми жиын өтті.

Профессор Мехмет Өздің модераторлығымен еткен отырыста Meерім Сайдилканова, Өзбекстан Мемлекеттік әлем тілдері университеті доценті Тохир Каххор, профессор Сейфеттин Ершахин және доцент Айшегүл Доғружан Гөкалп шығармашылығын жан-жақты талқылады.

Тарихи кеңістіктегі тағылымды кездесу

Сәулетші Ариф Хикмет Койуноғлы  жобалаған және Мустафа Кемаль Ататүрік ерекше мән берген Анкара Сурет және кескіндеме музейінде өткен шара барысында «TRT Avaz» түсірген «Естеліктер: Зия Гөкалп» деректі фильмі көрсетілді.

Салтанат Сұлтан Раев, Мехмет Өз және Сайит Юсуф тарапынан қатысушыларға алғыс хаттар табыстаумен аяқталды.

2026 жыл бойы Зия Гөкалптың 150 жылдық мерейтойына орай түркі дүниесінің түкпір түкпірінде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.06 (2)
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.08 (3)
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.06
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.58.38
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.59.09
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.59.09 (2)
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.59.09 (1)
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.59.08
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.10
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.07 (1)
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.09
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.08
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.07 (2)
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.09 (2)
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.09 (3)
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.09 (1)
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.06 (4)
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.08 (4)
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.06 (3)
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.07 (3)
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.07 (4)
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.07
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.08 (1)
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.06 (1)
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.05 (4)
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.05
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.05 (2)
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.05 (3)
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.05 (1)
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.04
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.04 (2)
WhatsApp Image 2026-03-25 at 18.43.04 (1)

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған