WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.36 (2)
26 марта 2026 г.

Анкарада Зия Гөкалптің туғанына 150 жыл толуына орай еске алу жиыны өтті

26 марта 2026 г.

Анкарада Зия Гөкалптің туғанына 150 жыл толуына орай еске алу жиыны өтті

Түркі әлемінің ойшылы Зия Гөкалптің туғанына 150 жыл толуына орай ТҮРКСОЙ тарапынан 2026 жыл «Зия Гөкалпті еске алу жылы» деп жарияланған болатын. Еске алу жылы аясында  Сыххие кешенінде орналасқан «Түркі тарих қоғамында» арнайы панель ұйымдастырылды.

«Түркі тарих қоғамы» мен ТҮРКСОЙ-дың ұйымдастыруымен өткен панельге түркі әлемінің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар, студенттер мен мәдениет жанашырлары қатысты. 

Йүксел Өзген: «Зия Гөкалп – қоғамдық пікірлің қалыптасуынасебеп болған тұлға»

Панельдің ашылу сөзін жасаған «Түркі тарих қоғамы»төрағасы Йүксел Өзген Зия Гөкалптің тек ойшыл ғана емес, сонымен қатар ұлттық күрестің зияткерлік негізін қалыптастырып, Республикаға бастар жолда бағыт-бағдар берген қайраткер екенін атап өтті.

Өз сөзінде ол: «Жақында осы залда Әнұранымыздың айқындалған күнін атап өтіп, Мехмет Акиф Ерсойды еске алған едік. Бүгін болса, Зия Гөкалпті танып-білу үшін бас қосып отырмыз. Мұндай жиындар тек шара ғана емес, қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал еткен ұлы тұлғаларды әлі де тани түсуге мүмкіндік береді. Акиф пен Зия Гөкалп шығармалары халқымыздың тарихын қалап, дүниетанымын айқындаған».

Йүксел Өзген сондай-ақ 2026 жыл ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің шешімімен « Зия Гөкалп жылы» деп жарияланғанын еске салып, бұл шешім ойшылдың халықаралық деңгейдегі маңызын айқындайтынын жеткізді. Сонымен қатар, осы шара аясында Зия Гөкалптің басты еңбегі – «Түркі өркениеті тарихы» кітабының жаңа басылымы оқырманға жол тартқанын хабарлады.

Сайит Юсуф: «Зия Гөкалпті насихаттай отырып, өзіміз де оны тани түсеміз»

ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф ұйым ретінде Зия Гөкалптің идеяларын тек Түркияда ғана емес, күллі түркі әлемінде кеңінен насихаттауды мақсат етіп отырғандарын айтты.

Ол өз сөзінде: «Зия Гөкалп сияқты тұлғаларды әлемнің барлық өңірінде насихаттау қажет. Насихаттай отырып – тани түсеміз, тани келе – бір-бірімізге жақындай түсеміз. Бір-бірімізді жеткілікті танымағандықтан, ортақ құндылықтарымызды да толық білмейміз. Сондықтан Зия Гөкалптің 150 жылдығын пайдаланып, оны Түркияға да, күллі түркі әлеміне де кеңінен танытатын бағдарламалар ұйымдастырып жатырмыз», – деді.

Сайит Юсуф биыл Диярбакыр, Селаник, Баку, Ташкент, Бішкек және Алматы қалаларында да Зия Гөкалпті еске алуға арналған іс-шаралар өтетінін айтып, 8 сәуірде «Түркі тарих қоғамы», ал мамыр айында Диярбакырдағы Диджле университетінде ауқымды бағдарлама жоспарланғанын жеткізді.

Ғылыми баяндамалар

Панельдің отырысын ғалым Юнус Коч жүргізді. Бағдарлама барысында Зия Гөкалптің идеялары төрт түрлі тақырып аясында талқыланды.

Ғалым Рамазан Ерхан Гүллю «Түркия Республикасындағы Зия Гөкалптің идеялық ықпалы» атты баяндамасында ұлтшылдық түсінігін Гөкалп қалыптастырғанына тоқталды. Ол Зия Гөкалптің ұлт анықтамасын мысалдар арқылы түсіндіріп:

«Гөкалп ұлтты нәсілге бөлмеген. Оның пікірінше, нәсіл жылқыда болады, ал ұлт – тіл, мәдениет және ортақ өмір сүру негізінде қалыптасатын кең ұғым», – деді.

Отырысты жүргізуші Юнус Коч «Зия Гөкалптің түсінігінде ислам құқығы және әдет-ғұрып» тақырыбындағы баяндамасында ойшылдың дін мен қоғам арақатынасына қатысты көзқарастарын баяндады. Оның айтуынша, Зия Гөкалп әдет-ғұрыпты қоғамның ар-ожданы мен келісімі ретінде қарастырады: 

«Діннің негіздері өзгермейді, бірақ әдет-ғұрыптың да маңызы зор. Құқық әдет-ғұрыпқа сай келмесе, өзгереді; заң – құқықтың атасы емес, баласы», – деді.

Анкара университетінің доценті Берди Сарыев «Түркілену, исламдану, заманауилану» еңбегінің түрікмен тіліне аудармасын талдай отырып, бұл шығарманың Түрікменстанда да үлкен қызығушылық тудырғанын айтты. Ол Зия Гөкалптің идеялары барлық түркі республикалары үшін ортақ мәдени негіз қалыптастыратынын атап өтті.

Панельдің соңғы баяндамашысы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті Еділ Төлегенов «Зия Гөкалптің идеяларындағы ортақ түркі мәдениеті және рухани бірлік» атты баяндамасында ойшылдың мәдениет пен өркениет туралы тұжырымдарының бүгінгі күні де өзектілігін сақтап отырғанын жеткізді.

Оның айтуынша:
«Гөкалп мәдениетті, халықтың жылдар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарының жиынтығы ретінде қарастырады. Бұл көзқарас әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатқан түркі халықтарының ортақ мәдени түсінігіне ие екенін көрсетеді».

Панель, қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, естелік суретке түсумен аяқталды.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.36
WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.36 (4)
WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.36 (3)
WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.36 (1)
WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.35
WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.35 (3)
WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.35 (1)
WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.35 (2)
WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.37 (2)
WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.37
WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.34
WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.37 (1)
WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.34 (3)
WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.34 (2)
WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.34 (1)
WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.33
WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.33 (4)
WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.33 (3)
WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.33 (2)
WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.32
WhatsApp Image 2026-03-26 at 17.29.33 (1)

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған