WhatsApp Image 2025-10-20 at 17.51.36 (4)
20 октября 2025 г.

Анкарада «Махмудхожа Бехбудидің таңдамалы шығармалары» таныстырылды

20 октября 2025 г.

Анкарада «Махмудхожа Бехбудидің таңдамалы шығармалары» таныстырылды

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы, Анкара Хаджы Байрам Вели университеті және Өзбекстан Республикасының Анкарадаға Елшілігінің ұйымдастыруымен Түркістан жәдидшілдік қозғалысының көшбасшысы Махмудхожа Бехбудидің туғанына 150 жыл толуына орай маңызды іс-шара өтті.

2025 жылдың 20 қазанында Анкара Хаджы Байрам Вели университетінде ТҮРКСОЙ-дың қолдауымен жарық көрген «Махмудхожа Бехбудидің таңдамалы шығармалары» кітабының тұсаукесері және «Махмудхожа Бехбуди және Түркістан жәдидшілдік қозғалысы» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Іс-шараға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Өзбекстан Республикасының Анкарадаға Елшісі Илхом Хайдаров, Қазақстан Республикасының Анкарадағы Төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев, Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азиямен байланыстар және Түркі мемлекеттері ұйымы жөніндегі Бас басқармасы бастығының орынбасары Елші Шенер Джебеджи, ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Саийт Юсуф, сондай-ақ Өзбекстан мен Түркиядан келген ғалымдар мен мәдениет өкілдері қатысты.

Сұлтан Раев: «Бұл еңбек – түркі дүниесінің ортақ жадын, бір ұлттың ояну тарихын бейнелейді»

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Махмудхожа Бехбудидің тек жазушы емес Түркістанның жүрегінде жанған шам екенін атап өтті. Раев Бехбудидің «Оқымайтын халық азат бола алмайды!» деген әйгілі сөзін еске салып, таныстырылған еңбектің жай ғана шығарма емес, «Түркі дүниесінің ортақ жадын, бір ұлттың ояну тарихын» қамтитынын айтты. Ол соңғы жылдары Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің ерекше қамқорлығымен жәдидшіл ағартушылардың мұрасын жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтіп, бұл игі іске ТҮРКСОЙ тарапынан үлес қосу – үлкен мәртебе екенін жеткізді.

Елші Хайдаров: «Жәдид ағартушыларының мұраттары жаңа Өзбекстанның «Үшінші Ренессанс» идеясында қайта тірілді»

Өзбекстан Республикасының Анкарадағы Елшісі Илхом Хайдаров өз сөзінде іс-шараның Президент Шавкат Мирзиёевтің Махмудхожа Бехбудидің 150 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өту туралы шешімі аясында ұйымдастырылғанын айтты. Елші бұл шараның Түркияда өткізілуі ерекше символдық мәнге ие екенін атап өтіп, жәдидшілердің кезінде түркі зиялыларымен тығыз байланыста болғанын, олардың Түркияда білім алып, жаңа идеялар игергенін еске салды. «Жаңа Өзбекстанның ілгерілеуіне негіз болып отырған «Үшінші Ренессанс» идеясының түп-тамырында да осы ұлы бабаларымыздың арман-мұраттары жатыр», – деді елші Хайдаров. Сондай-ақ ол іс-шараның Өзбекстанның ұлттық мерекесі – «Өзбек тілі күні» қарсаңында өтуінің маңызына тоқталып, Бехбудидің 1918 жылы өзбек тілін мемлекеттік тіл ретінде бекітуді ұсынғанын еске салды.

Елші Сәпиев: «Ортақ тіліміз, тарихымыз бен мәдениетіміз – болашағымыздың ең берік кепілі»

Іс-шараға қатысқан Қазақстан Республикасының Анкарадағы елшісі Еркебұлан Сәпиев өз құттықтау сөзінде Махмудхожа Бехбуди сынды ағартушылардың тек Өзбекстанның ғана емес, күллі Түркістан мен жалпы түркі дүниесінің ортақ құндылықтары екенін атап өтті. «Бүгін Бехбудидің еңбектерінің түрік тілінде жарық көруі – оның ағартушылық және ілгерілеу идеясының шекара танымайтынын, қазақ даласынан Анадолыға дейінгі кең байтақ өңірде бірлік пен бауырластықты нығайтып келе жатқанын дәлелдейді. Ортақ тіліміз, тарихымыз және мәдениетіміз – болашағымыздың ең берік кепілі», – деді елші Сәпиев.

Анкара Хаджы Байрам Вели университетінің проректоры профессор Метин Орбайдан сәлемдеме сөзі

Университет проректоры Метин Орбай да өз сөзінде оқу орнының түркі дүниесінің ортақ мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға үлес қосып отырғанына зор қуаныш білдірді.

Өзбекстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Минходдин Мирзо, Ташкент Мемлекеттік Шығыстану университетінің ректоры профессор Гүлчехра Рыхсиева және Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрінің кеңесшісі Жәмшид Ниязбеков те Бехбудидің мұрасы мен жәдидшілдік қозғалысы туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Ашылу рәсімінен кейін «Махмудхожа Бехбудидің таңдамалы шығармалары» кітабының тұсауы кесілді.

Бағдарлама аясында іс-шараға үлес қосқан тұлғаларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, шара суретке түсу рәсімімен қорытындыланды.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2025-10-20 at 17.51.36
WhatsApp Image 2025-10-20 at 17.51.37
WhatsApp Image 2025-10-20 at 17.51.36 (4)
WhatsApp Image 2025-10-20 at 17.51.36 (5)
WhatsApp Image 2025-10-20 at 17.51.36 (3)
WhatsApp Image 2025-10-20 at 17.51.36 (2)
WhatsApp Image 2025-10-20 at 17.51.35
WhatsApp Image 2025-10-20 at 17.51.36 (1)
WhatsApp Image 2025-10-20 at 17.51.35 (2)
WhatsApp Image 2025-10-20 at 17.51.35 (1)

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған