― 20 октября 2025 г.
Анкарадa «Махмудхожа Бехбуди» спекталі қойылды
ТҮРКСОЙ және Өзбекстан Мәдениет министрлігінің ынтымақтастығымен қойылған «Махмудхожа Бехбуди» атты спектакль Анкарадағы Мемлекеттік театрдың Кіші сахнасында өнерсүйер қауыммен кездесті. Самарқанд облыстық музыкалық драма театрының сахналаған туындысы ұлы ойшыл, ағартушы және ұлттық жаңғырудың жетекшісі Махмудхожа Бехбудидің өмірі мен күрескерлігін терең сезіммен жеткізді.
Іс-шараға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Өзбекстан Республикасының Анкарадағы Елшісі Илхом Хайдаров, қала қонақтары және театр сүйер қауым қатысты.
Раев қойылымнан кейін сөзінде былай деді:
«Бұл туынды Махмудхожа Бехбудидің идеяларын және күресін көрсету тұрғысынан өте әсерлі сахналық қойылымға ие. Шебер ұйымдастырылған қақтығыстар, актерлердің шеберлігі және сахналық пластика мен музыканың үйлесімі бәрімізді терең әсерлендірді. Қойылымда еңбек еткен барлық өнер қайраткерлеріне жүректен алғыс айтамын».
Көрермендер, қойылым аяқталған соң, әртістерді ұзақ уақыт бойы қол шапалақтап қошемет көрсетті.
Фармон Тошев жазған «Махмудхожа Бехбуди» атты спектакльді сахнаға Фарход Бойназаров қойған.
Режиссері – Алиджон Хасанов, сахна декорациясы – Бахром Сафиов, басты балетмейстері – Мадинахон Эргәшиева, дыбыс режиссері – Низом Косимов.
Қойылымда:
Махмудхожа Бехбуди ролінде – Лазиз Мамытқұлов,
Шарофатон ролінде – Шахсанам Рахимова,
Масудхон ролінде – Елдор Қаримов,
Ализода ролінде – Хүсеин Махмудов,
Муйин ролінде – Елбек Бойматов,
Айни Турдимурод Худойбердиев,
Мунаввар Қори ролінде – Жорабек Йорқұлов,
Фитрат ролінде – Рашид Сафаров,
Шакурий ролінде – Әлнұр Ерниязов,
Рейс ролінде – Хайот Хамидов және Машраб Бекмуродов,
Полат айғоқшы ролінде – Навруз Тожиев,
НКВД Басшысы ролінде – Алиджон Хасанов,
Сухов ролінде – Абдулазиз Тоштемиров сахнада өнер көрсетті.
Спектакль Бехбудидің ғылыми және ұлттық ағартушылық жолындағы күресін, халықты білім алуға және бірлік рухына шақырған идеяларын және осы жолда көрсеткен құрбандықтарын әсерлі түрде көз алдымызға келтірді.
Кештің соңында Бас хатшы Сұлтан Раев қойылымның сахналануына атсалысқандарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.