_DSC2550.JPG
24 апреля 2024 г.

Анкара өнер сүйер қауымына ТҮРКСОЙ атынан ұйғыр театр қойылымы ұсынылды

24 апреля 2024 г.

Анкара өнер сүйер қауымына ТҮРКСОЙ атынан ұйғыр театр қойылымы ұсынылды

ТҮРКСОЙ ұйымы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлесіп Анкара кескіндеме және мүсін музейінің "Түрік Ожагы" залында Құддус Гожамияров атындағы Мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының әртістері "Махмуд Қашқари" тарихи драмасын көпшілікке ұсынды. Экрем Ахметов жазған бұл пьесада "Диуани Лұғат ат түріктің" сөздігінің тарихы баяндалады. 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Түркияға іс-сапармен арнайы келген театр 1934 жылдан бері алматылық көрермендердің өнер ошағына айналып, өнер сүйер қауымға қызмет етіп келеді. Өнер ордасы ұлттық және халықаралық деңгейдегі түрлі байқаулар мен фестивальдерге қатысып, мәдени мұраны дамытуға және мәдени құндылықтарды қорғауға, нығайтуға өз үлесін қосуды әлі жалғастыруда. 
Спекталь алдында сұхбат берген Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф "Диуани лұғат ат түріктің" күллі түркі әлемі үшін маңыздылығына тоқталды. 
«Қашқарлы Махмұт өз шығармасымен түрік тілінің ғасырларға қарсы тұрар ғажайып күшін көрсетеді. Түрік тілінің басынан өткерген қиыншылықтарына қарамастан әлі де жойылып кетпегені Махмұд Қашқаридің арқасы. Бұл еңбек түрік тілінде тасқа жазылған Орхун Әбдиден кейінгі маңызды шығармалардың бірі», - деді ол.
1 жарым сағатқа созылған театр қойылымынан кейін көрермен әртістерге ұзақ қошемет көрсетті. Шара басты рөл сомдаушыларына ТҮРКСОЙ атынан гүл беріліп, естелік суретке түсумен аяқталды.

Медиа галереясы

_DSC2583.JPG
_DSC2459.JPG
_DSC2433.JPG
_DSC2394.JPG
_DSC2342.JPG
_DSC2355.JPG
_DSC2375.JPG
_DSC2379.JPG
_DSC2383.JPG
_DSC2415.JPG
_DSC2472.JPG
_DSC2452.JPG
_DSC2481.JPG
_DSC2497.JPG
_DSC2509.JPG
_DSC2519.JPG
_DSC2528.JPG
_DSC2523.JPG
_DSC2536.JPG
_DSC2532.JPG
_DSC2542.JPG
_DSC2545.JPG
_DSC2550.JPG
_DSC2555.JPG
_DSC2566.JPG
_DSC2579.JPG
_DSC2598.JPG
_DSC2298.JPG
_DSC2303

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған