WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.10 (1)
22 августа 2026 г.

Алматыда өзбекстандық суретшілердің туындылары қойылған көрме ашылды

22 августа 2026 г.

Алматыда өзбекстандық суретшілердің туындылары қойылған көрме ашылды

Алматы қаласында өзбекстандық суретшілердің туындыларынан құралған «Реализмнен заманауи көркемдік эксперименттерге дейін» атты көрме көпшілік қауымға жол тартты.

Алматы қаласы әкімдігі мен Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы ұйымдастыруымен Алматы музейлер бірлестігіне қарасты Алматы галереясында ашылған бұл көрме Өзбекстан Көркемсурет академиясы, Өзбекстан Суретшілер одағы және Қазақстан Суретшілер одағының ұйымдастыруымен өтті.

Көрмеге Ташкент, Самарқан, Бұқара, Фарғана, Қоқан, Әндіжан, Жызақ, Нүкіс, Ангрен және Бекабад сияқты Өзбекстанның түрлі аймақтарынан келген 40 суретшінің 63 туындысы қойылған.

Өзбек бейнелеу өнерінің дәстүрлі де заманауи үлгілері тоғысқан бұл экспозицияда реалистік полотнолардан бастап қазіргі заманғы ізденістерге дейінгі түрлі көркемдік бағыттар ұсынылған. Туындылар жинағында майталман қылқалам шеберлерімен қатар жас буын өкілдерінің де жұмыстары бар.

Екі елдің өнер қауымдастығы арасындағы байланыстарды дамытуға бағытталған көрменің ашылу салтанатына Қазақстан мен Өзбекстанның мәдениет, өнер және БАҚ өкілдері мен арнайы шақырылған меймандар қатысты.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.14
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.14 (4)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.14 (3)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.14 (2)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.14 (1)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.13
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.13 (5)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.13 (6)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.13 (3)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.13 (4)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.13 (2)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.13 (1)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.12
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.12 (6)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.12 (5)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.12 (4)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.12 (2)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.12 (1)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.11 (5)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.11 (6)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.11 (4)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.11 (1)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.11 (2)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.10 (5)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.10
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.10 (4)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.10 (3)
WhatsApp Image 2026-08-22 at 21.47.10 (2)

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған