WhatsApp Image 2026-03-22 at 13.09.21 (3)
22 марта 2026 г.

Алматыда «Наурыз» мерекесі қарсаңында түркі дүниесінің қолөнершілері бас қосты

22 марта 2026 г.

Алматыда «Наурыз» мерекесі қарсаңында түркі дүниесінің қолөнершілері бас қосты

Түркі әлемінің рухани астаналарының бірі – Алматы қаласында табиғаттың жаңаруын және жаңа жылдың басталуын білдіретін Әз-Наурызда nүркі әлемі халықтарының ауқымды көрме-жәрмеңкесі өтті.

2026 жылдың 21-23 наурызында Абай алаңы мен Республика сарайы алдындағы кеңістікте өткен ауқымды көрме-жәрмеңке Алматы қаласы әкімдігі, ТҮРКСОЙ және Qazaq-Oner ұлттық бірлестігінің ұйымдастыруымен келушілерге есік ашты.

Наурыз мерекесінің шаттығы мен қолөнер шеберлігін ұштастырған бұл фестивальде түркі халықтарының мыңжылдық дәстүрлі өнерін бүгінге жеткізген шебер қолөнершілер бас қосты. Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстаннан келген өнер иелері мәдени сабақтастықтың жарқын үлгілерін көпшілік назарына ұсынды.

Түркі дүниесінің бояуы 

Фестиваль аумағында орнатылған көрме сөрелерінде келушілер әр елдің өзіндік ерекшелігін, эстетикалық танымын айқын көре алады.

Көрмеге Түркиядан әлемге танымал, нәзіктік пен әсемдіктің символына айналған керамикалық бұйымдар,
Әзербайжаннан көз жауын алар тоқыма кілемдер,
Өзбекстаннан Риштан өңіріне тән көк түсті әйгілі керамикалар,
Тәжікстаннан дәстүрлі ою-өрнектермен көмкерілген кесте және зергерлік нақыштағы бұйымдар,
Қырғызстаннан көшпелі мәдениеттің ажырамас бөлігі саналатын сәнді әрі берік киіз үйлер,
Қазақстаннан қабылдаушы тарап ретінде текемет, құрақ көрпе секілді дәстүрлі тоқыма бұйымдарымен қатар, көз жауын алар зергерлік және керамикалық туындылар қойылды.

ТҮРКСОЙ-дың мәдени дипломатия бағыты аясында қолдау тапқан бұл шара қолөнер бұйымдарының тек сауда нысаны ғана емес, халықтар арасындағы рухани байланысты нығайтатын мұра екенін тағы бір мәрте айқындады. Алматы тұрғындары мен қала қонақтары үш күн бойы осы бай мұраның бір бөлігіне айналып, шеберлермен тікелей тілдесу мүмкіндігіне ие болмақ.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2026-03-22 at 14.23.46
WhatsApp Image 2026-03-22 at 14.22.55
WhatsApp Image 2026-03-22 at 14.22.59
WhatsApp Image 2026-03-22 at 14.23.08 (1)
WhatsApp Image 2026-03-22 at 14.23.07
WhatsApp Image 2026-03-22 at 14.23.08 (2)
WhatsApp Image 2026-03-22 at 14.23.08
WhatsApp Image 2026-03-22 at 14.23.10 (1)
WhatsApp Image 2026-03-22 at 14.23.09
WhatsApp Image 2026-03-22 at 14.23.10
WhatsApp Image 2026-03-22 at 14.23.46 (1)
WhatsApp Image 2026-03-22 at 14.22.42 (1)
WhatsApp Image 2026-03-22 at 14.22.42
WhatsApp Image 2026-03-22 at 14.22.27
WhatsApp Image 2026-03-22 at 14.22.30
WhatsApp Image 2026-03-22 at 14.22.26
WhatsApp Image 2026-03-22 at 14.22.27 (1)
WhatsApp Image 2026-03-22 at 14.22.26 (1)
WhatsApp Image 2026-03-22 at 14.22.25
WhatsApp Image 2026-03-22 at 13.09.22
WhatsApp Image 2026-03-22 at 13.09.21
WhatsApp Image 2026-03-22 at 13.09.21 (4)
WhatsApp Image 2026-03-22 at 13.09.21 (2)
WhatsApp Image 2026-03-22 at 13.09.21 (1)

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған