71c0a643aaa1d32a097c3869a8446660_1280x720
28 октября 2024 г.

Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдық мерейтойы тойланды

28 октября 2024 г.

Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдық мерейтойы тойланды

Алматы қаласының «Достық үйінде» қазақ әдебиетінің қайталанбас суреткері, Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына арналған «Әлем таныған Әбдіжәміл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

«Сөз өнерінің сардары саналы ғұмырын ұлтының дүниетанымын байытуға арнады. Әдебиет әлеміне құбылыс болып енген сұңғыла суреткер қазақ прозасына ерекше қолтаңбасын қалдырды. Көзі тірісінде-ақ классик атанған жазушы қаламгерлердің жаңа буынына үлгі-өнеге көрсетіп, өзіндік мектебін қалыптастырды. Әбеңнің әр туындысынан туған жерге деген риясыз сүйіспеншілігі айқын көрінеді. Оның «Қан мен тер», «Соңғы парыз» секілді романдарын өз заманының айнасы деуге болады. Арал арқылы қазақтың, қазақ арқылы барша адамзаттың мәселесін көтерген бұл шығармалар – әлем өркениетіне қосылған құнды қазына», – делінген құттықтау хатта.

Өз сөзінде Аида Балаева қаламгерді еске алуға арналған іс-шараның маңызын атап өтті.

«Президент атап өткендей, Әбдіжәміл Нұрпейісов – қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге көтерген тұлға. Бұл сөзімізге оның шет тілдерге аударылған шығармалары, әлем оқырмандарының жоғары бағасы дәлел бола алады. Бүгінгі конференция жазушының шығармашылығын жаңа қырынан зерделеуге жол ашады деген үміттемін», – деді министр.

Сондай-ақ, жазушының жүз жылдық мерейтойына орай еліміздің барлық өңірінде іргелі іс-шаралар, әдеби кештер ұйымдастырылғанын айтты. Кейінгі үш айдың өзінде өңірлерде 50-ге тарта іс-шара өтті. Басылым беттерінде қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы 200-ден астам мақала жарық көріп, телеарналардан «Орындалмаған аманат», «Абыз ғұмыр» атты деректі фильмдер және түрлі сюжеттер көрсетілді.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Халықаралық ТҮРІКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, мәдениет-өнер өкілдері қатысты.

Конференция аясында Әбдіжәміл Нұрпейісовтің тұрған үйіне ілінген ескерткіш тақтаның және Достық үйінде фотокөрменің ашылуы өтті.

Медиа галереясы

IMG_2530.JPG
IMG_2587.JPG
IMG_2626.JPG
IMG_2683.JPG
IMG_2750.JPG
IMG_2749.JPG
IMG_2778.JPG
IMG_2764.JPG
IMG_2863.JPG
IMG_2924.JPG
IMG_2582.JPG
2f1b77f2d662216f
a31853d916177d3afa9057abf47c6dc6_1280x720
0bc69f2564cbcb5ce3c5172f07b48297_1280x720
4b3d52ef2e2af89e0ab8b4d44f783655_1280x720
af7319bf8d3fc9f31165108f3f9609c1_1280x720
2edc13ec39b9b83f69bc790e28c95250_1280x720
ad841f0905feeddb819ea57dded4efaf_1280x720
249e78efbc93f245e9a5d3deb3ab8b7e_1280x720

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған