― 26 ноября 2025 г.
Ақтауда ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің 42-ші отырысы алды жиын өтті
Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы – Ақтау қаласында, Халықаралық ТҮРКСОЙтүркі мәдениеті ұйымына мүше елдердің мәдениет министрліктері өкілдерінің басын қосқан VI Жоғары лауазымды тұлғалар жиыны өтті.
Басқосуға ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф төрағалық етті. Кездесу барысында 2026 жылға жоспарланған мәдени іс-шаралар, ортақ жобалардың жүзеге асу барысы және Түркі дүниесінің мәдени интеграциясын күшейтетін жаңа ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Мүше мемлекет өкілдері Тұрақты кеңес алдында кең ауқымды пікір алмасу жүргізді.
Отырысқа төмендегі делегациялар қатысты:
Әзербайжан Республикасы – Мұслүм Алəkбаров;
Қазақстан Республикасы – Ардак Жүсіпов, Айгерім Ыжанова;
Қырғыз Республикасы – Нусубалы Жақыпбеков;
Өзбекстан Республикасы – Шоһрух Акбаров;
Түркия Республикасы – Йылдырым Бүкер;
Түрікменстан – Лачин Өвезгелдиева;
ТҮРКСОЙ Бас хатшылығы атынан қатысқандар:
Бас хатшы орынбасары – Сайит Юсуф
Әзербайжанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі – Вугар Меммедов
Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағыөкілі – Нышанкүл Қаратаева
Қырғызстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі – Мар Топоев
Өзбекстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі – Шевкет Артықов
Кадрлық қамтамасыз ету департаментінің басшысы – Мұрат Кахраман,
Стратегиялық даму департаментінің басшысы – Мелик Өзсөз
Коммуникация және ақпараттық технологиялар департаментінің басшысы – Салим Езер
Түркі тілдес қауымдастықтармен байланыс департаментінің басшысы – Барыш Джавид Мөвсүмлу
Ақтауда өткен жиында Тұрақты кеңесте қаралатын негізгі мәселелер толығымен талқыланды. Күн тәртібіндегі басты бағыттар:
- Түркі дүниесінің ортақ мәдени мұрасын халықаралық деңгейде кеңінен таныту;
- Жастар, өнер және мәдениет салаларында көпжақты жобаларды дамыту;
- ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттер арасындағы мәдени дипломатия тетіктерін нығайту;
- 2026 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы жобасының дайындық барысын қарастыру;
- Әдебиет, музыка, театр және бейнелеу өнеріндегі шығармашылық алмасуларды кеңейту.
Тараптар мәдени ынтымақтастықты тиімді түрде ұйымдастыру, ортақ жобалардағы үйлестіруді арттыру және ТҮРКСОЙ қызметінің халықаралық аренадағы беделін күшейту жөнінде ортақ келісімге келді.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуфтың пікірі
Отырыстың ашылуында сөз сөйлеген Сайит Юсуф Ақтаудың Түркі әлеміндегі мәдени серіктестік үшін маңызды рөлін атап өтіп:
“Түркі дүниесінің мәдени байланыстарын нығайтып, ортақ құндылықтарды болашаққа жеткізуге бағытталған еңбегіміз жыл сайын күшейіп келеді. Ақтауда өткен «VI Жоғары лауазымды тұлғалар» жиыны елдеріміздің мәдени салада ортақ көзқарасқа бірігіп отырғанын айқын көрсетті. Тұрақты кеңеске дейінгі дайындықтарымыз Түркі дүниесінің мәдени интеграциясын жаңа деңгейге көтеруге негіз болады” – деді.
ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесі алдында дәстүрлі түрде өткізілетін бұл комитет жиыны мүше мемлекеттер атынан мәдени дипломатияны жүзеге асыратын тұлғалардың ұсыныстары мен пікірлерін шешім қабылдау үдерісіне енгізуді көздейді.