52eb1729-0c24-496d-a1f9-08f5214f4712
24 ноября 2025 г.

АҚТАУДА ТҮРКСОЙ ТҰРАҚТЫ КЕҢЕСІНІҢ 42-КЕЗЕҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

24 ноября 2025 г.

АҚТАУДА ТҮРКСОЙ ТҰРАҚТЫ КЕҢЕСІНІҢ 42-КЕЗЕҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

«Ақтау – 2025 түркі әлемі мәдени астанасының» салтанатты жабылуы да сол күні өтеді
Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының маңызды шешім қабылдайиын ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 42-кезең отырысы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен 2025 жылдың 28 қарашасында 2025 жылғы түркі әлемі мәдени  астанасы – Ақтауда өткізіледі.
Жыл бойы түркі әлемінің мәдениет және өнер сахнасына айналған Ақтауда ТҮРКСОЙ мүше елдері өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылатын Тұрақты Кеңес отырысынан кейін Түркі әлемі мәдениет астанасы бағдарламасы аясындағы ең айшықты іс-шаралардың бірі болып табылатын жабылу салтанаты да өтпек. 
Салтанатты шара аясында ТҮРКСОЙ-ға мүше елдерден келетін өнерпаздар өз өнерлерімен Ақтаудың 2025 жылғы түркі әлемі мәдени астанасы болуын тағы бір мәрте зор қошеметпен атап өтетін болады.
Түркі әлемінен мәдениет министрлері мен делегация басшылары қатысады
ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің отырысына ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері мен жоғары лауазымды өкілдері, сондай-ақ түркі әлемімен бірлесе жұмыс жүргізетін мекемелер мен ұйымдардың өкілдері қатысады.
Түркі әлемінің мәдени ынтымақтастығының күн тәртібі талқыланатын отырыста; Ұйымның институционалдық жұмыс тәртібі мен келесі кезеңдегі қызметтері, ортақ мәдени мұраны қорғау және насихаттау, мәдени астаналары үдерісін бағалау, 2027 жылғы түркі әлемі мәдениет астанасы болып таңдалатын қаланың анықталуы сияқты тақырыптар қаралып, шешім қабылданады. Ұйым өткен жылы ұйымдастырылған отырысында Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің ұсынысы және қатысушы министрлердің бірауыздан келісімімен 2026 жылды түркі әлемінде Зия Гөкалп жылы деп белгілеген болатын. 2026 жылы түркі әлемі мәдени астанасы атағын алып жүретін қаланың жиын барысында Өзбекстан Мәдениет министрлігі тарапынан жарияланбақ. Сонымен қатар Тұрақты Кеңес мүшелері бұл отырыста 2027 түркі әлемі мәдени астанасы үшін дауыс береді.
Тұрақты Кеңеске дейін, 2025 жылғы 26 қарашада ТҮРКСОЙ Аға Қызметкерлер Комитетінің 6-отырысы өткізіледі. Отырыста Тұрақты Кеңестің күн тәртібіндегі мәселелері техникалық деңгейде қаралады; мүше елдердің ұсыныстары мен бағалаулары жинақталып, Министрлер Кеңесіне ұсынылатын болады.
Ақтау 2025 жабылу салтанаты Halyk Arena-да
28 қарашада өтетін салтанатты жабылу Ақтаудағы Halyk Arena-да ұйымдастырылады. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев және Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен 500-ге жуық өнерпаздың қатысуымен өтеді.
Бағдарлама аясында сондай-ақ Түркі әлемі мәдени астанасы нышанын тапсыру рәсімі де ұйымдастырылады.
Раев: “Ақтау күллі түркі әлемін тоғыстырды”
Жиын алдында берген сұхбатында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Ақтаудың мәдени астанасы жылы бойы түркі халықтары арасында мәдени жақындықты берік қылу үшін жұмыс істелгенін баса айтты.
Раев, “Биыл, Түркі әлемі мәдени астанамыз Ақтау күллі түркі әлемін тоғыстырды. 150 мыңнан астам адам қатысқан керемет салтанатты ашылу естен кетпес жиын болды. Жыл бойы 30-дан астам халықаралық іс-шараны сәтті өткіздік. Бұл жетістікке қол жеткізуге мүмкіндік берген Қазақстан бастаған барлық мүдделі тараптарға алғысымды білдіремін” деді.
Түркі әлемінің ортақ жадына және мәдени үздіксіздік мақсаттарына тоқталған Раев, “Біз ортақ тарихтың, өркениеттің және мәдениеттің өкілдеріміз. Бұл құндылықтарды сақтап қалу және болашаққа жеткізу бәріміздің міндетіміз. Қызметке келген алғашқы күннен бастап мақсатым ТҮРКСОЙ-дың институционалдық әлеуетін күшейту, тиімділігін арттыру және қызметтерін әртараптандыру болды. Бүгін біз бұрынғыдан да өнімді, қамтушы және әлдеқайда мықты ТҮРКСОЙ туралы сөз қозғай аламыз”, — деді.
ТҮРКСОЙ туралы
Түркі әлемінде құрылған алғашқы ынтымақтастық ұйымы. Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы 1993 жылы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия Республикасы мәдениет министрлері қол қойған келісіммен құрылған.
ТҮРКСОЙ құрылған күннен бастап түркі халықтары арасында мәдени ынтымақтастықты дамыту, ортақ түркі мәдениетін келесі ұрпақтарға жеткізу және әлемге таныту мақсатында жұмыстарын жалғастыруда.
Түркі әлемі мәдени астанасы туралы
“Түркі әлемі мәдени астанасы” қолданысы, түркі әлемі қалаларының мәдениет-өнер әлеуетін көрсету, ортақ мұраны халықаралық деңгейде таныту және бауырлас халықтар арасындағы байланыстарды нығайту мақсатында қолға алынған.  Осы күнге дейін Астана, Шуша, Мерв, Хиуа, Ескішеһир, Бурса секілді түркі әлемінің көне қалалары осы ерекше атқа ие болған еді.
2025 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы  Ақтауда жыл бойы концерттер, фестивальдар, көрмелер, театр қойылымдары, академиялық кездесулер және жастар іс-шаралары өтіп, түркі әлемінің мәдени тоғысу нүктелерінің біріне айналды.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2025-11-24 at 19.32.05
WhatsApp Image 2025-11-24 at 19.32.05 (1)
WhatsApp Image 2025-11-24 at 19.32.04
WhatsApp Image 2025-11-24 at 19.32.04 (1)
WhatsApp Image 2025-11-24 at 19.32.03
d576144d-8bbd-4aeb-a7dd-e3db7e7dd788
c2779de7-e026-429a-9588-6c4cc432616d
52eb1729-0c24-496d-a1f9-08f5214f4712
9fc2beb1-ff88-45b2-a2a3-cd13918c5265
e239aaf3-6e88-4f5d-ba8c-b3382a145c71

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған