― 14 августа 2025 г.
Ақтауда «Өнерлі өрен» халықаралық балалар шығармашылық фестивалі басталады
14–18 тамыз күндері Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы – Ақтау қаласында түркі әлемінің түкпір-түкпірінен келген 500 баланың қатысуымен «Өнерлі өрен» халықаралық балалар шығармашылық фестивалі өтеді.
ТҮРКСОЙ ұйымы мен Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын бұл өнер мерекесінде жас таланттар хореография, халықтық және эстрадалық вокал, халықтық аспапта орындау сияқты түрлі бағыттарда өз өнерін көрсетеді.
Фестиваль аясында сонымен бірге «Түркі дүниесі дәстүрлі балалар ойындары» тақырыбында жыл бойы өткізілген халықаралық сурет байқауының марапаттау рәсімі өтеді.
Бұл шара жас қылқалам шеберлеріне өз қиялын еркін жеткізіп, ұлттық ойындар мен мәдениетті бейнелеуге мүмкіндік береді. Бес күнге созылатын өнер додасы жас дарындарға шабыт сыйлап, түрлі елдерден келген балалардың достығын арттыруға бағытталған.