WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.36 (1)
18 июля 2026 г.

Ағдамда ІІ Түркі әлемі жас ақындарының фестивалі өтті

18 июля 2026 г.

Ағдамда ІІ Түркі әлемі жас ақындарының фестивалі өтті

2026 жылдың 17 шілдесінде Әзербайжанның Ағдам қаласындағы Мұғам орталығында, «Вагиф поэзия күндері» аясында Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының ұйымдастырылған ІІ Түркі әлемі жас ақындарының фестивалі өтті.

Былтыр алғаш рет Қырғызстанның Ош қаласында ұлы қырғыз ақыны Жолон Мамытовты еске алуға арналып ұйымдастырылған бұл фестиваль биыл түркі әлемінің маңызды мәдениет орталықтарының бірі – Ағдамда жас ақындар мен әдебиет сүйер қауымның басын қосты.

Салтанатты шарада Әзербайжан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Фарид Джафаров, Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Әзербайжан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Селим Бабуллаоглы, Анкара әлеуметтік ғылымдар университетінің ректоры Мұса Казым Ариджан және Түркия Жазушылар одағының төрағасы Мұхаммед Энес Кала сөз сөйледі.

Баяндамашылар ортақ тіл мен әдеби жадыны сақтаудағы жас ұрпақтың рөліне тоқталып, түркі халықтары арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар бұл фестиваль «Вагиф поэзия күндерінің» рухани атмосферасында түркі әлемінің жас ақындарын бір арнаға тоғыстыра отырып, ортақ әдеби мұраны ұлықтауға, жаңа шығармашылық байланыстар орнатуға және келешек ұрпақтар арасындағы мәдени диалогты нығайтуға септігін тигізетіні айтылды.

Фестиваль аясында Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевтың төрағалығымен халықаралық қазылар алқасы жұмыс істеді. Қазылар алқасының құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түрікменстанның әдебиет пен ғылыми ортасының көрнекті өкілдері енді.

Бағдарламаның ең әсерлі бөлімінде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түрікменстаннан келген жас ақындар сахнаға шығып, өз туындыларын оқыды. Түрлі стильде жазылған өлеңдер түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасының көрінісі ретінде тыңдармандар тарапынан жоғары бағаланып, ерекше ықыласқа бөленді.

Түркі әлемінің жас әдебиетшілері арасында берік достықтың орнауына және мәдени ықпалдастықтың күшеюіне елеулі үлес қосқан фестиваль аясында жас ақындардың шығармаларын халықаралық қазылар алқасы сарапқа салды. Бағалау нәтижесінде түркі мемлекеттері мен түркі халықтарының намысын қорғаған ең үздік жас ақындар анықталды. Жеңімпаз ақындардың марапаты Шуша қаласында өтетін салтанатты шарада табысталады.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.39
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.36 (1)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.36 (5)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.40 (4)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.40 (3)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.40 (2)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.33
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.34
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.35 (1)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.35
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.36
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.36 (5)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.36 (6)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.36 (4)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.36 (3)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.36 (2)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.37 (1)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.37 (2)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.37 (3)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.37 (4)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.37 (5)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.37 (6)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.38 (5)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.38 (4)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.38 (3)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.38 (2)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.38 (1)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.37
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.38
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.39 (2)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.39 (1)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.39 (3)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.39 (4)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.39 (5)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.40 (4)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.40 (5)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.39
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.40 (1)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.40
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.41 (1)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.41 (3)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.41 (2)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.42 (1)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.41
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.43 (3)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.43 (2)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.42
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.43 (1)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.42 (3)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.42 (2)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.43
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.44 (1)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.44 (2)
WhatsApp Image 2026-07-18 at 00.45.44

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған