11
23 мая 2024 г.

Әзербайжан Мәдениет министрі Керимли мен ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Раев «Қожа Насыр – қиын күндердің досы» киножобасын талқылады

23 мая 2024 г.

Әзербайжан Мәдениет министрі Керимли мен ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Раев «Қожа Насыр – қиын күндердің досы» киножобасын талқылады

Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрі Адил Керимли мен ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев мәдениет министрліктерінің бірлескен қатысуымен жоспарланған «Қожа Насыр – қиын күндердің досы» киножобасының дайындық жұмысын талқылады.

Басқосуға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, фильм режиссері, Әзербайжанның халық әртісі Вагиф Мустафаев және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Кездесу барысында министр Адил Керимли ТҮРКСОЙ ұйымына және ұйымның Бас хатшысы Сұлтан Раевқа фильмнің түсірілуіне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Сондай-ақ ол түркі әлемінің алғашқы бірлескен кино жобасы аясында белгілі актерлардың қатысуымен жақсы фильм түсірілетініне сенімді екенін жеткізді.

Сұлтан Раев фильмнің түсірілім жұмыстары алдағы айларда Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Қырғызстанда басталатынын атап өтті. Ол фильмнің бауырлас түркі халықтары арасында кино саласында көпір болатынын баса айтты.

Айта кетейік, 2023 жылдың қазан айында Түркі әлемінің мәдени астанасы Шуша қаласында өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің 40-отырысында түркі әлемінің ортақ фольклорлық қаһарманы Қожа Насыр туралы фильм түсіру және дайындық жұмыстары туралы шешім қабылданған болатын. Осы жиыннан кейін бірлескен киножобаға дайындық басталған.

Медиа галереясы

22
11 (1)

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған