7d458ab8-a9ff-4029-9753-c8c7540c4b20
6 июня 2024 г.

Әзербайжан астанасында Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) ХІІІ пленарлық отырысы өтті

6 июня 2024 г.

Әзербайжан астанасында Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) ХІІІ пленарлық отырысы өтті

Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінде өткен кездесуге Ұлттық Мәжіліс төрағасы Сахибе Гафарова, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Өзбекстанның Өлий Мәжіліс Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева, Қырғызстан Парламентінің Төрағасы Нурланбек Шакиев, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) Республикалық Мәжілісінің төрағасы Зорлу Төре, Венгрия Парламенті төрағасының орынбасары Марта Матрай, ТүркПА Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Эр және ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф қатысты.

«Түркі әлемі үшін жасыл көкжиектер: жасыл күн тәртібін жүзеге асырудағы парламенттердің рөлі» атты жиынға Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш та қатысты.

Жиында сөйлеген алған Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Гафарова президент Илхам Әлиевтің «Біздің отбасымыз түркі әлемі, одан басқа отбасымыз жоқ» деген сөзін еске ала отырып, түркі мемлекеттерімен қарым-қатынасты дамыту Әзербайжанның сыртқы саясатының басымдығы екенін атап өтті.

ТүркПА-ның маңыздылығының күннен-күнге артып келе жатқанына тоқталған Гафарова «ТүркПА тек заңнама саласында ғана емес, халықаралық аренада ортақ көзқарас танытып, елдеріміздің мүдделерін қорғайтын ынтымақтастық тұрғысынан да маңызды алаңға айналды. Біз ТүркПА-ның институционалдық дамуы үшін күш-жігерімізді жалғастыруымыз керек», - деді ол.

Гафарова биыл 11-22 қарашада Әзербайжанда «БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына» қатысушы мемлекеттердің 29-конференциясы (COP29) өтетінін еске салып, қонақтарды осы шараға арнайы шақырды.

 

Түркі әлемінің ортақ мәселелерінің шешімі ортақ саясаттармен табылмақ

Жиында сөз сөйлеген Халықаралық «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениеті ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф осындай маңызды жиында «ТҮРКСОЙ» атынан өкілдік ету құрметін білдірді және Түркі мемлекеттерінің Парламент Ассамблеясының ортақ шешім қажеттіліктерін қанағаттандыратынына сенім білдірді. Түркі әлемінің болашақта әрбір мәселеде қажетті ортақ саясаттарымен толығатынын атап көрсеткен ол «Түркі әлемінің ортақ заң шығарушы органы ТүркПА болады» деп сөзін нақтылады. Сайит Юсуф сондай-ақ түркі әлемінде құрылған тұңғыш ынтымақтастық ұйымы «ТҮРКСОЙ-дың» ортақ мәдениет пен өркениетті қорғау және дамыту жолындағы 30 жылдан астам жұмысына да тоқталып өтті. 

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қошанов өз сөзінде климаттың  өзгеруінен туындаған мәселелерге тоқталып, «Біз климаттың өзгеруіне қарсы күресте күш-жігерімізді біріктіруіміз керек. Түркі әлемі ретінде біз 2040 жылға қарай жасыл технологияларға көшуіміз шарт. Біз үкіметіміздің осы бағыттағы бастамаларын қолдауымыз керек. Бәріміз бір отбасымыз және бір мақсатқа қызмет етеміз», - деді ол. 

Қырғызстан Парламентінің спикері Шакиев аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «ТүркПА» аясындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажет деп мәлімдеді.

«Барлық қиындықпен бірге күресуіміз керек. Әзербайжанның COP29 шарасын қабылдауы тек Әзербайжан үшін емес, бүкіл түркі әлемі үшін маңызды оқиға. Түркі мемлекеттері ретінде бірлігімізді жалғастыруымыз керек. Экологиялық зардаптарды жоюдағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуымыз шарт», - деді Шакиев.

Өзбекстанның Өлий Мәжіліс Сенатының Төрағасы Нарбаева өз елінің жасыл экономикаға берген маңызына тоқталып, «Жаңартылатын энергияның қарқынын арттыру – біздің мақсаттарымыздың бірі. Парламентіміз жасыл энергетика туралы заңдар бойынша тәжірибе алмасуы керек. Сіздермен жұмыс істеуге дайынбыз», - деді ол. 

 

Түркі мемлекеттері бір-біріне шынжырдай жалғанып, ажырамауы керек

СКТР Республикалық Мәжілісі төрағасы Төре сөзінде Кипр түріктерінің тәуелсіздік үшін күресі мен халықаралық аренада көрген әділетсіздіктеріне тоқталды. Төре «Түркі мемлекеттері көп зардап шекті, осы себепті түркі мемлекеттері бір-біріне шынжырдай жалғанып, ажырамауы керек», - деді.

Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінде СКТР Достық тобының құрылғанын еске салған Төре басқа түркі мемлекеттерінен де осындай қадам күтетінін атап көрсетті. Ол «Түркі мемлекеттері ұйымына толыққанды мүше болсақ, бізге жасалған қысымның аяқталатынына сенеміз» дей отырып, әлемдегі экологиялық проблемаларға ойысты.«Қоршаған ортаны әлемде империалистер мен отаршылдар біле тұра ластауда. Газада болып жатқан оқиғаларға қарсы державалардың көзқарасы бәрімізге үлгі болуы керек. Біз, түркі мемлекеттері бір-бірімізге құшақ ашып, қолдан келген көмекті аямауымыз керек», - деді ол. 

Ал Венгрия Парламенті төрағасының орынбасары Матрай болса, өз сөзінде өз елінде жаңартылатын энергияны өндіру және пайдалану туралы ақпараттарымен бөлісіті. 

Медиа галереясы

5165e06b-02d3-4c7a-82cb-6db2a77463ed
fbda8e76-67e1-4fcc-b209-9a2143ec5a48
7d458ab8-a9ff-4029-9753-c8c7540c4b20
31b0d2ee-940c-40bb-a489-7d0859209e1c

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған