― 24 августа 2026 г.
Әндіжанда Зия Гөкалыптың 150 жылдығына арналған шара өтті
2026 жылға түркі әлемінің мәдени астанасы – Әндіжанда түркі әлемінің ұлы ойшылы Зия Гөкалыптың 150 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті.
Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы бастамасымен және Әедіжан мемлекеттік медицина университетінің ұйытқы болуымен өткен конференцияға Түркия, Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстаннан келген ғалымдар мен зерттеушілер қатысты.
Конференцияның ашылуында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев пен Әндіжан облысы әкімінің орынбасары Эльёрбек Холмирзаев сөз сөйледі. Ал бағдарламаның модераторлығын Өзбекстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Минхожиддин Мирзо атқарды.
Конференция аясында Анкара Әлеуметтік ғылымдар университетінің ректоры Мұса Казым Арыджан, Түркия Жазушылар одағының төрағасы Мұхаммед Энес Кала және ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет қатысушыларға арнап сөз сөйледі.
Жиынның ашылуында сөз алған ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Зия Гөкалптың түркі әлемінің ой-пікір мен мәдениет тарихында ерекше орны бар екенін атап өтіп, оның идеялары бүгінгі таңда да түркі халықтарының мәдени байланысы мен ортақ түсінігінің нығаюына жол көрсетіп отырғанын жеткізді.
Раев Зия Гөкалпты танудың, әсіресе, жас ұрпаққа танытудың маңыздылығына назар аударып, Гөкалыптың идеялары мен шығармалары тек ол өмір сүрген дәуір үшін ғана емес, қазіргі түркі әлемінің де мәдени әрі рухани өмірі үшін зор мәнге ие екенін баса айтты. Түркі әлемінің ортақ тұлғаларын келешек ұрпаққа жеткізу ТҮРКСОЙ-дың негізгі міндеттерінің бірі екеніне назар аударған Раев Гөкалыптың еңбектерін түркі әлемінің түрлі аймақтарындағы аудиторияға жеткізудің маңыздылығын атап өтті.
Конференцияның ғылыми отырыстарында Зия Гөкалптың өмірі, еңбектері, дүниетанымы мен түркі әлеміндегі орны сөз болды. Түркия, Әзербайжан және Өзбекстаннан келген ғалымдар баяндамаларында Гөкалптың әдеби мұрасына тарихи әрі ғылыми тұрғыдан баға берді.
Баяндамаларда Гөкалптың түркі тілі, мәдениеті мен ортақ түсінігіне қатысты ойларымен қатар, түркі әлемінің мәдени бірлігі идеясын дамытуға қосқан үлесіне тоқталды.
Конференцияда Зия Гөкалптың тек Түркияның ғана емес, күллі түркі әлемінің ортақ ой-пікір және мәдени мұрасының маңызды тұлғаларының бірі екені айтылды. Гөкалптың идеяларын дұрыс түсіну, шығармаларын түрлі түркі тілдеріне аудару, әсіресе, жас ұрпаққа таныту тұрғысынан маңыздылығы талқыланды.
Конференция баяндамалардан кейін өз мәресіне жетті.