― 22 июня 2026 г.
Әндіжанда «2026 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасының» салтанатты ашылуына дайындық басталды
2026 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы Әндіжанда ұйымдастырылатын іс-шаралар аясында Өзбекстанға келген ТҮРКСОЙ делегациясы мен өнерпаздарды Әндіжан әуежайында зор ықыласпен және ерекше қонақжайлылықпен қарсы алды.
Түркі әлемінің түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам өнерпаздың қатысуымен өтетін мәдени астана бағдарламасы Әндіжанды жыл бойы халықаралық мәдениет пен өнер шараларының орталығына айналдырмақ.
Қарсы алу рәсімінде дәстүрлі музыка мен би қойылымдары ұсынылды. Өнерпаздар мен қонақтар Әндіжанның мәдени байлығын алғашқы сәттен-ақ сезіну мүмкіндігіне ие болды.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрлігімен тығыз ынтымақтастықта жүргізілген дайындық жұмыстарының сәтті жалғасып жатқанын атап өтіп, «2026 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы – Әндіжан» бағдарламасы түркі әлемінің ортақ мәдени құндылықтарын одан әрі айшықтай түсетінін білдірді. Сондай-ақ, Сұлтан Раев жыл бойы өткізілетін іс-шаралар арқылы мәдени астананың мерейін одан әрі асқақтата түсетіндерін ерекше атап өтті.
Айта кетейік, 2026 жыл бойы Әндіжанда концерттер, көрмелер, фестивальдер мен халықаралық мәдени кездесулер ұйымдастырылады.