― 21 октября 2025 г.
23-26 қазанда Бішкекте «ТҮРКСОЙ түркі әлемі жастарының» форумы өтеді
Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Бас хатшылығы түркі дүниесінің болашағын қалыптастыратын жастар арасында туыстық байланыстарды нығайту және ортақ мәдени мұраға деген қызығушылықты арттыру мақсатымен маңызды іс-шараға мұрындық болады. Осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған шара биыл 23-26 қазан аралығында Қырғызстанның астанасы Бішкекте өтпек.
Бас Хатшы Раев: «Болашақ жастардың қолында»
Іс-шара алдында мәлімдеме жасаған ТҮРКСОЙ Бас Хатшысы Сұлтан Раев «Түркі дүниесінің болашағы ортақ мақсаттарда қалыптасуда. Болашағымыздың кепілі болған жастарымызды Бішкекте жинау — біһ үшін үлкен қуаныш. Бұл кездесу, жәй ғана шара емес, ортақ құндылықтарымызды тану және тағдырымызды құру жолында маңызды қадам. Мақсатымыз — жастарымыздың бір-бірін танып, ой алмасатын және тұрақты достық көпірлерін құратын платформа құру», — деді ол.
«Болашақ сенсің» тақырыбы және кешенді бағдарлама
Қырғыз Ұлттық университетімен бірлесіп ұйымдастырылатын кездесуге ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет, өнер, ғылым және әлеуметтік салаларда табысқа жеткен шамамен 100 жас қатысады. «Болашақ сенсің» тақырыбы аясында өтетін бағдарлама шеңберінде жастардың ортақ санасын тереңдетуге және болашаққа қатысты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік беретін түрлі панельдер, шеберханалар және мәдени іс-шаралар өтеді
Түркі әлемі жастар дипломатиясы: ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесі симуляциясы
Биылғы кездесудің ең назар аударарлық отырыстарының бірі, жастардың түркі дүниесінің ортақ мәдени мәселелерін талқылайтын алғашқы ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесі симуляциясы болады. Жас қатысушылар, өз елдерін өкіл етіп, дипломатия, байланыс және шешім қабылдау процестеріне қатысты тікелей тәжірибе алады.
Іс-шарада жастарға шабыт беру үшін, Түрік Авиация және ғарыш өнеркәсібі А.Қ. (TUSAŞ) Бас Директоры Махмут Акшит мотивациялық сөз сөйлейді. Бағдарламаның тағы бір қонағы 25-ші және 26-шы кезең Османие Депутаты, Ахмед Джавад Институтының төрағасы, MHP Бас төраға кеңесшісі және Анкара Хажы Байрам Вели университеті оқытушысы Рухи Эрсой болады.
ТҮРКСОЙ бұл бағдарлама арқылы түркі әлемі жастарының бір-бірін жақын тануына, ортақ тарих және мәдениет санасы негізінде ой алмасуына және тұрақты достық көпірлерін құруына үлес қосуды мақсат етеді.
БАҒДАРЛАМА ТОЛЫҚТАРЫ:
Күні: 24 қазан 2025
Орны: Қырғыз Ұлттық Университеті Конференция Залы
11.00-13.00: форумның салтанатты ашылуы
16.30-18.30: ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесі симуляциясы